05 наурыз 2023

IQAA KazDual "Inplementing Dual System in Kazakhstan" халықаралық жобасы аясында тренинг ұйымдастырды

20230302_100608
20230302_100552

Эразмус+Еуропалық Одақ бағдарламасымен бірлесіп қаржыландырылатын 618835-ЕРР-1-2020-1- KZ-EPPKA2-CBHE-SP KazDual "Inplementing Dual System in Kazakhstan" халықаралық жобасы аясында, 2023 жылдың 3 наурызда пилоттық дуальды білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық мәселелері бойынша тренинг жалғасты. Тренингті IQAA (Астана қ.) білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі ұйымдастырып өткізді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, академик А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Шәкәрім университетінің, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің, Семей Электротехникалық колледжінің жобалау тобының мүшелері сыртқы аудитті дайындау, ұйымдастыру және өткізу мәселелерін, сонымен қатар сыртқы бағалауды қашықтық форматында жүргізудің ерекшеліктерін талқылады. Тренинг бағдарламасы шеңберінде жобалау топтарының мүшелері дуальды білім беру бағдарламаларын іске асыру ерекшелігін ескере отырып, білім беру ұйымдарының сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жаңғыртумен байланысты негізгі түйінді проблемаларды, дуальды бағдарлама бойынша білім алатын студенттерді іріктеу критерияларымен, дуальды бағдарламаларды іске асыруға қатысатын оқытушылар мен тәлімгерлерді іріктеу критерияларымен, кәсіпорындардың, компаниялардың, ұйымдардың дуальды білім беру бағдарламаларына қатысу үшін біліктіліктерін арттыру нысандарын талқылады. Тренинг нәтижелері аккредиттелетін пилоттық дуальды білім беру бағдарламалары бойынша KazDual жобасына қатысатын университеттер мен колледждердің өзіндік есептерінің соңғы нұсқаларында көрініс табады.