10 мамыр 2023

Аккредиттеу Кеңесінің 2023 жылғы 06 мамырдағы отырысы

 

 

2023 жылғы 06 Мамырда IQAA Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті, оның барысында: 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мүшесі, IQAA Аккредиттеу Кеңесінің бұрынғы төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор С. Ф. Ударцевпен, IQAA Аккредиттеу кеңесінің мүшелерімен және IQAA Президенті Ш. М. Калановамен кездесу өтті, онда Сергей Федоровичке Агенттік атынан алғыс хат табыс етілді: «IQAA Сізге Қазақстанда тәуелсіз аккредиттеуді енгізу жөніндегі агенттіктің дамуына қосқан баға жетпес үлесі мен Агенттіктің Аккредиттеу Кеңесінің мүшесі және төрағасы ретіндегі белсенді және кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіреді. Отандық және шетелдік білім беру ұйымдарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу туралы шешімдерді адал және тәуелсіз қабылдауыңыз, аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңыз үшін Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз. Сізге Конституциялық сот жұмысында табыс, бақыт, амандық, Сізге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!»

20230302_100608
20230302_100552

2. IQAA Аккредиттеу Кеңесінің Төрағасын сайлау. IQAA Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері Гамарник Геннадий Николаевичті төраға етіп сайлау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

20230302_100608

3. Сондай ақ келесі білім беру ұйымдарының институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу жөніндегі материалдары қаралып талқыланды:

    1. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті;
    2. Алматы технологиялық университеті;
    3. Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
    4. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
    5. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті;
    6. МИРАС университеті.
20230302_100608
20230302_100552

Шешімдер мен есептер тізілімі