2023 жылғы 8 қарашада Астана қаласында "Kazakh Tourism ҰК" АҚ ұйымдастырған MICE Ambassador meeting кездесуі өтті, онда MICE халықаралық туризм елшісі болып табылатын IQAA агенттігі ұсынылған.
MICE-әртүрлі корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты іскерлік туризм индустриясының саласы. MICE ұғымы төрт негізгі бағытты құрайды: meetings - корпоративті кездесулер, презентациялар, келіссөздер және т. б., incentives — ынталандыру немесе мотивациялық турлар мен бағдарламалар, команда құру, қызметкерлерді оқыту, корпоративті мерекелер, conferences — конференциялар, конгрестер, конвенциялар, форумдар, семинарлар және т. б., exhibitions — көрмелер, имидждік іс-шаралар (фестивальдар, қайырымдылық концерттері және т.б.), PR оқиғалары және баспасөз турлары.
MICE Ambassador Meeting ашылу салтанатында "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Серікұлы Сәдуақасов құттықтау сөз сөйледі. MICE Ambassador Meeting кездесуі екі панельдік сессиядан тұрды-MICE ҚР Туризм панельдік сессиясы және халықаралық іс-шаралар панельдік сессиясы. Сонымен қатар, MICE туризм елшілерінің бағдарламаларының презентациялары ұсынылды және Қазақстан Республикасының MICE туризм елшілерін тағайындау рәсімі өткізілді.
"Халықаралық іс-шаралар" панельдік сессиясы аясында IQAA президенті Шолпан Мұртазқызы Каланова Агенттік өткізген INQAAHE 2023 конференциясының презентация-есебін ұсынды. Сөз соңында Шолпан Мұртазқызы конференцияны жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан "Kazakh Tourism ҰК" АҚ және "SPK Astana Development" ЖШС ұйымдарына алғыс білдіріп, INQAAHE трофейлерін табыс етті. Сондай-ақ, ол конференцияның шетелдік қатысушылары конференция ұйымдастырушыларына жоғары баға беріп, алғыс білдіргенін атап өтті.