2024 жылғы 14 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлескен алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Басты тақырып заманауи шындықтағы жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі болды.
Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп мекемелерінің директорлары, ТжКБ ұйымдары мен аккредиттеу агенттіктері, оның ішінде IQAA қызметкерлері қатысты.
«Сапалы білімнен сапалы адами капиталға» Қазақстан Республикасы Білім, ғылым және жоғары білім министрліктерінің бірлескен алқасының кеңейтілген отырысының бағдарламасы