2025 жылдың 21 қаңтарында IQAA аккредиттеу және жоғары білім сапасын сырттай бағалау саласындағы сарапшыларға арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан университеттерінен 140 сарапшы қатысты.
Қатысушыларға IQAA президенті, профессор Шолпан Мұртазқызы Каланова құттықтау сөз сөйлеп, сарапшылардың біліктілігін үнемі арттырудың және халықаралық деңгейде білім беру қызметтерінің сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Семинар аясында сыртқы аудитті ұйымдастыру мен өткізуді, есептерді дайындауды және сапаны қамтамасыз етудегі сыртқы бағалаудың рөлін қоса алғанда, жоғары білім сапасын сыртқы бағалаудың негізгі аспектілері қарастырылды.
IQAA департаменттерінің директорлары, доценттер К.М. Жигитчеева, Г.Т.Жұмаділова, Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері - А. Сағынов атындағы Қарағанды университетінің проректоры профессор Б.Р. Нүсіпбеков, Алматы технологиялық университінің бірінші проректоры, профессор Б.К.Нұрахметов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аккредиттеу бөлімінің бастығы, доцент Б.Т. Әбдіжаппарова сөз сөйледі.
Семинардың қорытынды кезеңінде қатысушылардың білімін тереңдетуге, практикалық тәжірибе алмасуға және нақты бағалау рәсімдері аясында тиімді өзара әрекеттесуге ықпал еткен тәжірибелік топтық тапсырмалар болды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, алған білімдері мен дағдылары Білім сапасын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді.
Оқыту семинары аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушыларға сертификаттар пошта арқылы жіберіледі.