10 ақпан 2025

IQAA Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты

images/ff9fcf21-8060-454d-834d-a0bdb2edae79.jpg
images/b96923bb-a1c2-493e-bad7-e9c74f33709e.jpg

 

2025 жылғы 7 ақпанда Астанада "Бәсекеге қабілетті экономика мен орнықты дамудың іргетасы ретінде кадрлар даярлау: инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық" тақырыбына арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарын табыс етіп, олардың еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Кездесудің негізгі тақырыптары сұранысқа ие кадрларды даярлау саласындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін қамтыды, оны Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.И. Ешенқұлов ұсынды, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғ.Ж. Жанқуатов "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңды іске асыру туралы, Жоғары білім мен ғылымды цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Р. Щеглова сөз сөйледі.

Сондай – ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері "Мамандығым-болашағым" жобасы бойынша тәжірибелерімен, жоғары білім мен ғылымдағы цифрлық трансформация және мемлекеттік тіл саясаты саласындағы бастамаларымен бөлісті.

Отырыс шеңберінде университеттер, "Қазақмыс" корпорациясы, "Ғылым қоры" АҚ және Алматы облысы әкімдігі өкілдерінің баяндамалары өткізілді. Олар өңірлік жоғары оқу орындарының инновациялық экожүйесін құру, өнеркәсіп үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, тау-кен металлургия кешенінде ҒЗТКЖ дамыту, Қазақстанда Deep Tech венчурлік қаржыландыру және мемлекеттік тіл саясатындағы жаңа бастамалар тәжірибесімен бөлісті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отырысты қорытындылай келе, жоғары білікті мамандарды даярлау Қазақстанның тұрақты дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кілті болып табылатынын атап өтті.