
2025 жылғы 5 сәуірде IQAA Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті, оның барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Аккредиттеу кеңесінің жаңа төрағасын сайлау және Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) Аккредиттеу кеңесінің жаңа мүшелерімен таныстыру.
2. Халықаралық білім беру корпорациясының құжаттарын қарау және институционалдық және бағдарламалық аккредитациясының нәтижелерін талқылау.
3. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құжаттарын қарау және бағдарламалық аккредиттеу нәтижелерін талқылау.
4. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құжаттарын қарау және бағдарламалық аккредиттеу нәтижелерін талқылау.
5. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің құжаттарын қарау және институционалдық және бағдарламалық аккредитациясының нәтижелерін талқылау.
6. О. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу мерзімін ұзартуды қарастыру.
Шешімдер және есептер тізілімі