2025 жылғы 17 маусымда Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) «Орта білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шара Астана қаласындағы Coventry University Kazakhstan базасында өтті.


Семинарға Астана, Қарағанды және Ақмола облыстарынан 50-ге жуық мектеп директоры қатысты. Оның негізгі мақсаты — орта білім беру ұйымдарының басшыларын мектеп жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұлттық моделдегі институционалдық аккредиттеу рәсімімен таныстыру.


Семинардың ашылуында сөз сөйлегендер:
- Дәуленов М.М., PhD, Coventry University Kazakhstan президенті;
- Каланова Ш.М., профессор, педагогика ғылымдарының докторы, IQAA Президенті.


Профессор Ш.М. Каланова аккредиттеудің халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ, осы саладағы өзекті сын-қатерлер мен заманауи үрдістерді талқылады.


IQAA-ның мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын аккредиттеу департаментінің сарапшылары Ә.М. Мақажанова мен Б.Ж. Мұқалыкова институционалдық аккредиттеу стандарттары, кезеңдері мен рәсімдері туралы ақпарат берді.
Семинар барысында UK Global Education компаниясының бас директоры мисс Тайра Наваз аккредиттеу рәсіміне қатысу тәжірибесімен бөлісті.


Семинар бағдарламасын Ақтөбе қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Б.Х. Садықова қорытындылады. Ол IQAA-да аккредиттеуден өтудің оң тәжірибесі мен білім беру процесінің сапасына әсері туралы айтты.


Семинар соңында Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназияға бес жыл мерзімге халықаралық институционалдық аккредиттеу куәлігі табысталды.