
2025 жылғы 25 қыркүйегінде профессор Күлекеев Ж.А. төрағалығымен Бақылау кеңесінің отырысы өтті.. Іс-шараға IQAA Бақылау кеңесінің мүшелері қатысты:
- Кулекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингі орталығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
 - Франци Демшар – Физика және математика ғылымдарының докторы, Словенияның саяси және мемлекет қайраткері, дипломат, физик, Словенияның жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (NAKVIS) директоры.
 - Каланова Шолпан Муртазовна – профессор, IQAA президенті.
 - Тасмағанбетов Ғани Мерғалиұлы – Астана қаласындағы «EL DEVELOPMENT» ЖШС директоры, жұмыс берушілер өкілі.
 
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралып, бекітілді:
- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Агенттіктің қызметінің қорытындылары;
 - IQAA Аккредитациялық кеңесінің құрамы.
 
Агенттік президенті, профессор Каланова Ш.М. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында IQAA-ның қызметіндегі сын-тегеуріндер мен жетістіктер туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарлары туралы есеп ұсынды.
Жүргізілген жұмыстар туралы ақпараттың мазмұндылығы мен Агенттіктің стратегиялық басымдықтары бойынша жасалған негізгі қорытындылар, сондай-ақ Аккредитациялық кеңес құрамының жоғары құзыреттілігі атап өтілді.
   
			 Қазақстан Республикасы