Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлығына сәйкес IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы Жаксыбек Абдрахметович Кулекеев елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Барыс» II дәрежелі орденімен марапатталды.
Жаксыбек Абдрахметович — қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы министрі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының мүшесі, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қолданбалы экономика зерттеулер орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі.
IQAA Жаксыбек Абдрахметовичті жоғары әрі лайықты мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтайды және мықты денсаулық, амандық, өркендеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы алға қойған жоспарлары мен мақсаттарының сәтті жүзеге асуын тілейді!
Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновация министрлігі