27 қаңтар 2026

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан алғыс хат

Благодарственное письмо от Центра социального обслуживания «Шарапат»
Благодарственное письмо от Центра социального обслуживания «Шарапат»

2026 жылғы 26 қаңтарда Агенттікке Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының өкілі келді.

Сапардың мақсаты — 2025 жылғы 13 желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт азаматтарға көрсетілген қайырымдылық көмек пен қолдау үшін Орталық атынан президент Каланова Шолпан Муртазовнаға және IQAA ұжымына алғыс білдіру болды.

Кездесу барысында Орталық өкілі алғыс хатын табыстап, Агенттік ұжымына ризашылық сөздері мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

Өз кезегінде Агенттік көрсетілген сенім мен атқарылған жұмыстың жоғары бағаланғаны үшін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына алғыс білдіреді. IQAA қайырымдылық іс-шараларын өткізу — қамқорлық пен назарға ерекше мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған шынайы ниетіміз екенін атап өтеді.