30 наурыз 2026

2026 жылғы 28 наурызда Аккредиттеу кеңесінің отырысы

2026 жылғы 28 наурызда IQAA Аккредиттеу кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс аясында ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту және әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы, профессор, экономика ғылымдарының докторы Доскенов Т.К.-мен кездесу өтті. Кездесуге сондай-ақ Аккредиттеу кеңесінің мүшелері және IQAA Президенті Каланова Ш.М. қатысты. Іс-шара барысында Талгат Казкенұлына Аккредиттеу кеңесінің мүшесі және төраға орынбасары ретіндегі көпжылдық белсенді әрі кәсіби қызметі үшін Агенттік атынан алғыс хат пен картина табысталды.

Заседание Аккредитационного совета
Заседание Аккредитационного совета

Сондай-ақ Аккредиттеу кеңесінің жаңа мүшелерін таныстыру рәсімі өтті.

Отырыс барысында келесі білім беру ұйымдары бойынша бағдарламалық және институционалдық аккредиттеу нәтижелері қаралып, талқыланды:

    1. Бакин мемлекеттік университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
    2. Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
    3. Кенжегали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
    4. Қазақ ұлттық спорт университеті (институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу);
    5. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті (бағдарламалық аккредиттеу);
    6. Esil University (бағдарламалық аккредиттеу);
    7. Ұлытау университеті (институционалдық аккредиттеу).
Заседание Аккредитационного совета
Заседание Аккредитационного совета

Шешімдер мен есептер тізілімі