
21 мамыр 2026
20 мамыр 2026 жылғы Global Academic Integrity Network (GAIN) онлайн-семинары

2026 жылғы 20 мамырда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Жоғары білімдегі академиялық адалдық атты онлайн семинарға қатысты, оны Дүниежүзілік академиялық адалдық желісі (GAIN) ұйымдастырды.
Іс-шараны Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (Quality Assurance Agency for Higher Education, QAA) Сапа мен стандарттар менеджері доктор Энди Смит жүргізді.
Семинарда келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:
- «Ұлыбританияда институционалдық деңгейдегі Ерікті академиялық адалдық хартиясының әсері» – Ник Уотму (QAA), Саймон Буллок (QAA) және Инчара Атрея (Уорвик университеті);
- «Квалификация алуға бағытталған онлайн бағдарламаларда сапаны қамтамасыз ету» – профессор Молли Доллингер (Кертин университеті);
- «Білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы коммуникация және ынтымақтастық» – Quality and Qualifications Ireland (QQI) өкілі Лаура Флинн.
Семинар Еуропалық жоғары білім аймағында білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы қазіргі үрдістерді талқылау және кәсіби тәжірибе алмасу алаңы болды.