15 мамыр 2016

БСҚА өкілдері Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің Жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің желісінің (CEENQA) 15-жылдығына орай ұйымдастырылған Бас Ассамблеяға және семинарға қатысты

Бұл шара 2016 жылдың 13-14 мамырында Краков қаласында (Польша) өткізілді. Форумның бірлескен ұйымдастырушысы болып Польша университеттерінің Аккредиттеу комиссиясы (PUC) және Польшаның Аккредиттеу агенттігі (PKA) қатысты.

15052016

Семинар CEENQA президенті, Dr. Iring Wasser алғысөзімен басталды. Семинар аясында трансшекаралық білім беру сапасын қамтамасыздандыру мәселелерін қозғайтын тақырып талқыланды. Семинар аясында спикерлер болып трансшекаралық білім берудегі өздерінің көзқарастарымен бөліскен, түрлі аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері баяндама жасады.

CEENQA Атқарушы Кеңесінің жаңа мүшелерін таңдау және тағайындау семинардың маңызды бөлімі болды. Баяндамалар және Кеңеске үміткерлерді таңдау соңында барлық мүшелердің CEENQA мүшелік құрамына жаңа үміткерлердің енуіне таңдау жасауы өтті: Жоғары білім берудегі сапа бойынша Латвия агенттігі және Академиялық ақпарат орталығы. Сонымен қатар Бас Ассамблеяның елеулі нәтижелерінің бірі CEENQA жаңа мүшелерді қосу талаптарын күшейту болды.

Осылайша, барлық семинар қатысушыларында сапаны қамтамасыздандыру рәсімдерінен түрлі агенттіктердің тәжірибесімен танысуға және Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндіктері болды.