28 мамыр 2016

2016 жылдың 27-мамырында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазастандық агенттігі (БСҚА) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдеріне оқыту семинарын өткізді

1112222

БСҚА сыртқы аудиттерге тиімді даярлықты жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық оқу орындарының өкілдеріне және сарапшыларына оқыту семинарларын жиі өткізеді. Семинар тақырыбы - «ESG жаңа редакциясына сәйкес әзірленген БСҚА институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттары». Семинарға академияның вице-ректоры, түрлі бөлімдер басшылары және директорлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар, доценттер және академиялық бағдарламалар бойынша кеңесшілер қатысты.

Оқыту семинарының бағдарламасы:

  • 1) БСҚА Президенті, профессор Ш.М. Қаланованың «Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтары (ESG)» тақырыбындағы баяндамасы
  • 2) БСҚА Сараптама және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы Г.З. Адильгазиновтың «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) стандарттары» тақырыбындағы баяндамасы
  • 3) БСҚА ЖОО аудиті және аккредиттеуден кейінгі мониторингі бөлімінің басшысы Ж.К. Ахмадиеваның баяндамасы
34

Баяндамалардан кейін, семинар қатысушыларына сыртқы аудит бойынша сараптамалық қорытынды жазудан арнайы тренинг өткізілді. Осылайша, академияның барлық өкілдерінде практика жүзінде есепті жазу үдерісімен танысуға және аккредиттеуді өткізу құрылымын және техникасын тиянақты түсінуге мүмкіндіктері болды.

Бұл семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерінде үлкен қызығушылық оятты. Семинарға қатысушылардың көпшілігі Агенттіктің аккредиттеуден өткізу тәжірибесінің академияны жетілдірудегі маңызды ролін айта өтіп, Агенттіктің Президентіне және қызметкерлеріне іске адалдығына және академияның ішкі сапа жүйесін жақсартудағы және дамытудағы қолдауына алғыс білдірді.

Семинар соңында қатысушыларға сапаны қамтамасыздандыру аясында өз білімдерін жоғарылатқаны және семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

56

Бұл семинар бойынша толық фото есеп БСҚА Facebook ресми парақшасында қол жетімді.