04 наурыз 2017

IQAA - ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ МҮШЕСІ (ENQA)

center index

2016 жылдың 11-13 қазанында өткен сыртқы бағалау нәтижелері бойынша, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық қауымдастығының (ENQA) сарапшылар тобы біздің Агенттік жұмысының Жоғары білім беру Еуропалық кеңістігіндегі Сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына және нұсқаулықтарына (ESG-2015) сәйкестігін растады. 2017 жылы 13-14 ақпанда Қауымдастықтың бас атқарушы органы, ENQA кеңесінің мәжілісінде IQAA 5 жылға толыққанды мүшелікті беру шешімі қабылданды.

2017 жылдың 3-наурызында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ENQA толыққанды мүшесі мәртебесін беру туралы ресми хатын алды.

ENQA толыққанды мүшесі мәртебесін беру IQAA жоғары білір беру сапасын қамтамасыздандырудағы еңбегін мойындау және Еуропалық қауымдастық тарапынан үлкен сенімділікті білдіреді.

IQAA 2008 жылғы қыркүйектен бастап ENQA аффилирленген мүшесі болған. Қауымдастықтың әлемдік деңгейдегі ерекше беделі және мәртебесі тұрғысынан ENQA толыққанды мүшесі болуға талпыну заңды. Сондықтан, ENQA толыққанды мүшелігіне ену агенттіктің 2015-2018 ж. Даму стратегиясында негізгі мақсаттардың бірі болған. IQAA өз жұмысында Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі сапаны қамтамасыздандырудың орталығы болып саналатын ENQA бағытталады.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі ұжымы Агенттіктің халықаралық деңгейге шығуына және дамуына үлес қосқан барлық сарапшыларға, жоғары оқу орындарына, серіктестерге және мүдделі тараптарға алғысын білдіреді.

IQAA мүшелігі туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.