17 қазан 2017

IQAA өкілдері жуырда ENQA сыртқы бағалауынан өткен агенттіктерге арналған семинарға қатысты (12-13 қазан, 2017 ж.)

IQAA өкілдері Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық қауымдастығы (ENQA) ұйымдастырған семинарға қатысты. Бұл шара 2017 ж. 12-13 қазанда Гаага қ. (Нидерланды) Нидерланды және Фландрия аккредиттеу агенттіктерінің (NVAO) негізінде өтті.

12.10.2017 112.10.2017 10

Семинар басында NVAO кеңесінің төрағасы Энн Флирман агенттік туралы қысқаша ақпарат ұсынды. ENQA директоры, Мария Кело, өз кезегінде, семинардың негізгі мақсатымен және өткізу рәсімімен таныстырды. Бұл семинар агенттіктердің дамуын үздік тәжірибені және практикаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды тарату арқылы қолдауға бағытталған. Қатысушыларда сонымен қатар өздерінің ENQA сыртқы бағалауына дайындалу және өту барысындағы қиындықтарын талқылауға, сондай-ақ ESG 2015 жеке критерияларын жүзеге асыруға байланысты ойларымен бөлісуге мүмкіндіктері болды.

12.10.2017 212.10.2017 5

Семинар бағдарламасы келесі үш тақырыпқа негізделген үш бөлімнен тұрды:

1. ESG 2015 енгізу - агенттіктер тәжірибесі;

2. ESG 2015 қойылған мәселелердік шешу;

3. Бағалаудан кейінгі прогресс және күтілген (күтілмеген) нәтижелер.

12.10.2017 312.10.2017 4

Семинар аясында шетел аккредиттеу агенттіктері келесі тақырыптар бойынша өз баяндамаларын ұсынды:

- Ұлттық деңгейдегі ESG 2015 жүзеге асырудағы сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің рөлі (баяндамашы - Кэти Дуйкартс, Атқарушы департаментінің директоры, AEQES);

- Сыртқы бағалау агенттіктің даму процесі ретінде (Антонио Серрано Гонзалез, ACPUA директоры);

- Әдістемені қайта қарастыру және критерийлерді 1 Бөлімге сәйкестендіру: Мүдделі тараптарды тарту (Хелька Кекелайнен, жоғары білім беру бөлімінің басшысы, FINEEC);

12.10.2017 9

- Студентке орталықтандырылған оқыту (Дэвид Мец, арнайы консультант, AI);

- Тақырыптық талдаулар (Альмантас Шерпатаускас, Оқыту бағдарламаларын бағалау бөлімінің басшысы, SKVC).

Семинардың екінші күнінің бағдарламасына, сонымен қатар, сыртқы бағалауды өткізгеннен кейінгі жүзеге асырылған прогресті талқылау бойынша практикалық жұмыстар, 2005 және 2015 ж. ESG стандарттарының өзгерістерін салыстырмалы талдау, ENQA өкілдерінің прогресті бақылау мақсатындағы келесі сапарына дайындалу бойынша жоспарларын талқылау кірді.

 

12.10.2017 812.10.2017 7

Бұл шара туралы толық ақпарат ENQA ресми сайтында ұсынылған.

Фотсуреттер ENQA ресми Facebook парақшасынан алынған.