24 тамыз 2018

2018 жылы 17 тамызында Астана қаласында «Қазмедиа» орталығының базасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті.

kazmedia

Конференцияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев ашып, ол 2018 жылы президенттік бастамасымен қосымша 20 мың грант бөлінгенін, 200-ден астам мектеп мұғалімдеріне білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу үшін жалақы көтерілгенін атап өтті.

Конференцияның негізгі баяндамасын ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев жасады. Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарының өз жұмысының сапасы үшін жауапкершілігін атап өтті, нашар жұмыс істейтін білім беру ұйымдарынан лицензияларды қайтарып алу туралы ескертті.

Конференция барысында ел мұғалімдері мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру саласындағы жоспарлар, міндеттер мен реформалар мәселелерін талқылады.

Конференцияның жұмыс бөлігінен кейін ҚР Білім және ғылым министрі республиканың үздік оқытушыларын салтанатты түрде марапаттады. Қорытындылай келе, мұғалімдердің жұмысына алғысын білдіріп, ол алдағы жылы білім берудегі реформалар, білім сапасын көтеру және мектептер, университеттер мен мұғалімдердің жұртшылық алдындағы жауапкершілігі жылы болып отырғанын қайталап ескерді.