17 шілде 2019

"Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыз ету" Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша екінші Еуразиялық форум

digital1

 

16 Қыркүйек, 2019, Нұр-Сұлтан қаласы

 

Форум Бағдарламасы

Қатысушылар:

Қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, кафедра меңгерушілері, факультет декандары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасындағы ұлттық сарапшылар.

 

Қатысу форматы:

Форум пленарлық сессия мен қоса өтілетін сессиялардан тұрады.

 

Жұмыс тілдері:

Қазақ тілі, орыс тілі, және ағылшын тілі.

 

Негізгі спикерлер:

- Карл Дитрих - Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық реестрі директоры (EQAR); 

- Дуглас Блэксток - Британдық аккредитация агенттігі QAA директоры;

- Саясат Нурбек - руководитель образовательного центра компании BTS Digital;

- Тиштыбаев Азат - Ақпараттық-талдау орталығының білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді қолдау департаментінің директоры;

- Искаков Ринат - оқу ісі жөніндегі проректор, Satbayev University;

- Петропавловский Михаил - директордың орынбасары - ФСБИ «Росакредагентство» Йошкар-Ола қаласындағы филиалының директоры;

- Кичук Андрей - Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша ұлттық агенттігінің (ANACEC) төрағасы;

- Канагатова Алмагуль - бірінші проректор, білім беруді дамыту институтының директоры, AlmaU;

- Ахметов Берик - ректор, Yessenov University;

- және басқа ЖОО ректорлары мен проректорлары.

 

Қатысу шарттары:

Форумға қатысу ақылы. Тұрақтау орны және жол жүру төлемі форумға қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады. Форумға қатысу құны Қазақстан азаматтары үшін 31 тамызға дейін 15,000 (он бес мың) теңге әр қатысушыға, ҚҚС есептемегенде, 1 тамыздан бастап - 20,000 (жиырма мың) теңге. Шетел азаматтары үшін қатысу құны 40 (қырық) АҚШ долларын құрайды.

 

Сертификаттар мен материалдар:

Форумға қатысушыларға белгіленген үлгіде сертификаттар беріледі. Форумның қорытындысы бойынша барлық материалдар Агенттіктің сайтында тек тіркелген қатысушылар үшін қолжетімді болады.

 

Тамақтану:

Қатысушылар кофе-брейк және түскі аспен қамтылады.

 

Өткізілу орны:

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы, Мәңгілік Ел д., 55/18, С 4.4 павильоны.

 

Посмотреть на карте Нур-Султана

 

РЕГИСТРАЦИЯ

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу үшін: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

тел.: 8 (7172) 486374.

Өтініш беру мерзімі 2019 жылдың 13 қыркүйегіне дейін. Төлем туралы сканерленген түбіртек келесі электрондық поштаға жіберілуі тиіс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Заңды тұлғалар үшін: Халықаралық форумды өткізу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт.

Реквизиттерді: мына сілтемеден табуға болады.