25 қыркүйек 2019

Бұқаралық ақпарат құралдары Агенттіктің өткізген форумы туралы



«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі 16 қыркүйек 2019 жылы Үздіксіз кәсіби даму бюросында (АХҚО) "Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыздандыру" білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша екінші Еуразиялық форумын өткізді.
Форумға шет елдерден келген қонақтар мен спикерлер, сондай-ақ қазақстандық университеттер мен еңбек нарығының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жыл сайынғы Еуразиялық форум БАҚ-тың қызығушылық орталығына айналып, форумда талқыланған мәселелер мен тақырыптарбаршаға кеңінен жарияланды. Іс-шараға қатысқан және жыл сайынғы Еуразиялық форум туралы жаңалықтармен бөліскен бұқаралық ақпарат құралдарының қатарында «Егемен Қазақстан», «Заң газеті» газеттері, «ҚазИнформ» ақпараттық агенттігі, «Хабар 24», «Евразия» телеарналары және басқалары болды.
Форум тақырыбын газет беттерінде және жаңалықтар арналарында жариялаумен қатар, «Цифрландыру арқылы трансформация: Университеттер және Сапаны Қамтамасыздандыру» екінші жыл сайынғы Еуразиялық форумы «Хабар 24» телеарнасындағы «Қалалық орта» («Городская среда») бағдарламасының басты тақырыбына айналды. Телебағдарламада цифрландыру және білім беру сапасын қамтамасыздандыру тақырыптары талқыланды. Мәселе білім саласындағы өзекті тақырыптар, атап айтқанда білім беру қызметін автоматтандыруға бағытталған инновациялар, соңғы тенденциялар мен оларды дамытудың болашақ жоспарлары туралы болды.
Шығарылымға екінші жыл сайынғы Еуразиялық форумның бірнеше негізгі спикерлерінің сұхбаттары енгізілген. IQAA Бақылау кеңесінің төрағасы Жақсыбек Абдрахметұлы Кулекеев цифрландырудың арқасында қазақстандықтардың кез келген әлемдік ЖОО-да үйден шықпай-ақ білім алу мүмкіндігі пайда болатыны туралы өз пікірімен бөліседі. Жақсыбек Әбдірахметұлы қазақстандық жоғары оқу орындарына цифрландыру саласындағы кез келген жаңалықтарға дайын болу қажеттігін ерекше атап өтті. Еуразиялық форумның жыл сайынғы форматы қазақстандық жоғары оқу орындарына жоғары білім берудегі соңғы жаңалықтар мен үрдістерді білуге және еуропалық әріптестер мен серіктестердің тәжірибесі туралы білуге көмектеседі.
Форумның тағы бір басты спикері, BTS Education компаниясының директоры Саясат Нұрбек цифрландыру дәстүрлі әдісті толығымен алмастыра алмайды, ал оқытушының жұмысын жеңілдетеді және оқыту әдістерін әртүрлілікке көмектеседі деген пікір айтты. IQAA президенті Шолпан Қаланова Қазақстан мен қазақстандық білім беру мекемелерінің цифрландыруды енгізуге және дамытуға белсенді ұмтылғанына қарамастан, цифрлық білім беру сапасы әлі де пікірталастар мен шешімдер іздеудің негізгі тақырыбы болып қала беретіндігін ерекше атап өтті.
Бағдарламаның бұл шығарылымын «Хабар 24» ресми сайтында, келесі сілтеме арқылы көре аласыз: https://24.kz/ru/tv-projects/gorodskaya-sreda/item/343492-povyshenie-kachestva-obrazovaniya-cherez-tsifrovizatsiyu-gorodskaya-sreda