22 қазан 2020

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы III Еуразиялық Форумы «Пандемия жағдайындағы қашықтықтан білім беру: оқыту, үйрету және бағалау»

poster kz

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі 2020 жылғы 16 қазанда «Пандемия жағдайындағы қашықтықтан білім беру: оқыту, үйрету және бағалау» тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы III Еуразиялық форумын өткізді.

IQAA Форумының негізі 2018 жылдан бастау алады. Онда қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері алғаш рет білім беру және бағалау саласы шеңберінде өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Өткен жылғы Форум 170-тен астам қатысушылардың басын қосып, "Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында ұйымдастырылған болатын. Әлемдегі және елдегі соңғы кездегі болып жатқан жағдай IQAA жоспарларына да әсер етпей қоймады. Соған қарамастан, әр жылы дәстүрге айналған Форум осы жылы ZOOM платформасында қашықтықтан өткізілді.

Іс-шара тақырыбының өзектілігі, спикерлердің сапалы құрамы және Форум форматы идея алмасу үшін қуатты алаң құруға мүмкіндік берді. Форумға үш жүзге жуық қатысушы (286) қатысты, олардың ішінде Қазақстаннан 218 қатысушы – қазақстандық жетекші ЖОО ректорлары, проректорлары, оқытушылары мен студенттері. Осы жылғы Форумға қатысушылардың географиясы айтарлықтай кеңейгенін атап өткен жөн. Биылғы жылы әлемнің Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Египет, Қырғызстан, Литва, Маврикий, Польша, Ресей, Словения, Украина, Өзбекстан және Эстония сияқты 15 елінен шетелдік ұйымдардың 38 өкілі қатысты.
Форум бағдарламасы екі параллель және екі панельдік сессиядан тұрды. Іс-шара бағдарламасының бұл форматы барлық қатысушыларға қашықтықтан білім беру контексінде оларды қызықтыратын тақырыптарды қамтуға мүмкіндік берді.

Коронавирустық пандемия бүкіл әлемдегі жоғары білім беру саласына айтарлықтай әсер етті. Білім беру мекемелерінің қашықтан форматқа көшуі қатысушылар форум алаңында бөлісуге дайын бірегей тәжірибені қалыптастыруға мүмкіндік берді. Форум аясында оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдермен қатар, жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету мен оны бағалау мәселелері де талқыланды.

Іс-шараның ашылу салтанатында, IQAA Қадағалау кеңесінің төрағасы, ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрі, ҚР бұрынғы білім және ғылым министрі, "Қазақ мұнай және газ институты" бас директорының кеңесшісі, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты Жақсыбек Әбдірахметұлы Күлекеев пандемияға байланысты жоғары білім беру жүйесі және жаңа шындыққа тап болғандардың барлығы осы мәжбүрлі және қарқынды цифрландырудан өз тәжірибесін шығаратынын атап өтті. Мүмкін, дәл қазір білім беру ұйымдары үшін дамудың жаңа стратегияларын әзірлеу, заманауи білім берудің өзегіне жаңаша қарау, таяу болашаққа қандай міндеттер қою керектігін түсіну үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қалыптасып жатқан шығар деп атап өтті Күлекеев мырза. Өйткені, бүгінгі жағдай да өзгерістердің катализаторына айналғанын есте ұстаған жөн.
IQAA Президенті Қаланова Шолпан Мұртазқызы құттықтау сөзінде барлығына жемісті жұмыс пен сындарлы диалог тіледі.

forum1 forum2

Форум аясында қазақстанның жетекші университеттерінің өкілдері, ректорлар және проректорлар қашықтықтан оқу процесін жүзеге асырудағы өз тәжірибелерін ұсынды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Балықбаев Такир Оспанұлы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Өскенбаева Раиса Кабиқызы, Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Мырзабайұлы Бүркітбаев, Satbayev University академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ринат Маратұлы Ысқақов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басқарма төрағасының орынбасары және оқу ісі жөніндегі проректоры Нүркен Маратұлы Губашев, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің басқарма мүшесі және оқу ісі жөніндегі проректоры Бекболат Рахышұлы Нусупбеков, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Қоңырбаева Жадыра Түсіпқанқызы өз баяндамаларымен бөлісті. Студенттер тарапынан “Қазақстан студенттер Альянсы” Республикалық студенттер қозғалысының президенті Ілияс Нұрболұлы Түстікбаев өз баяндамасын ұсынды. IQAA тарапанын жоғары оқу орындары мен колледждерді аккредиттеу бөлімінің жетекшісі Қарлығаш Мухареденқызы Джигитчеева пандемия жағдайындағы сыртқы бағалау тақырыбында өз баяндамасын ұсынды.

forum3 forum4

Шетелдік спикерлер қатарында Баку мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Сафарали оглы Бабаев (Әзірбайжан Республикасы), Калуга мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (Ресей) Заикин Сергей Михайлович және лицензиялау, аккредиттеу және білім беру сапасы орталығының жетекшісі Лыфенко Анастасия Вячеславовна және Киев медициналық университетінің профессоры Линовицкая Олеся Викторовна (Украина) баяндама жасады.

Қашықтықтан білім беру жағдайындағы бағалауға арналған іс-шараның екінші бөлімі шетелдік жетекші аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындарының халықаралық спикерлердің тәжірибелеріне арналды.
Білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі Қырғыз агенттігінің (AАОРО) директоры Бақтыбек Ысқақұлы Исмаилов (Қырғызстан) Форум барысында қатысушылармен Қырғызстанның білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің пандемияға байланысты өзгерістерге қалай бейімделгендігімен бөлісті. INQAAHE (жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ететін агенттіктердің халықаралық желісі) Директорлар кеңесінің мүшесі, "АККОРК" бас директоры Соболева Эрика Юрьевна (Ресей) Ресейдегі қашықтықтан білім беру шеңберінде аккредиттеудің негізгі тұстарын атап өтті. IQAA Бақылау кеңесінің мүшесі, Эстонияның жоғары білім беру сапасы жөніндегі агенттігінің (EKКA) жобалар үйлестірушісі Майки Удам (Эстония) Эстонияда сыртқы бағалау қалай жүргізілгендігі жайлы баяндама жасады. Литваның қашықтықтан білім беруді бағалау саласындағы тәжірибесімен жоғары білім сапасын бағалау орталығы (SKVC) директорының орынбасары Аурелия Валейкине (Литва) бөлісті.

Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі бүкіл әлемге танымал британдық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі (QAA) өкілдерінің сөз сөйлеуі болды. Ұлыбританияның 60 жоғары оқу орнындарының тәжірибелерінің зерттеу нәтижесімен QAA сапа жөніндегі менеджері Энди Смит пен стандарттар және сапа жөніндегі менеджері Деррик Ферни баяндама жасады.
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Форумның соңғы спикері болып ерекше қонақ – аккредиттеу және сапа менеджменті факультетінің деканы және Вена экономикалық университетінің (WU Vienna University) бағдарламаларды басқару және оқу-әдістемелік қолдау бөлімінің директоры Оливер Веттори (Австрия) сөз сөйледі. Форум соңында ол білім беру және бағалау жүйелерін қазіргі заманның тұрақсыз жағдайларына бейімдеу бойынша іс-шараға қатысушылар арасында қызықты пікірталас тудырды.

forum5

Форумның сәтті өтуіне модераторлардың қоқан үлесі де ерекше маңызды болды. Модераторлар ретінде Қазақстандағы білім беру саласының жетекші өкілдері мен мамандары сөз сөйледі. Олардың арасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Алдамбергенова Гаухар Туремуратовна, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Еркара Балкараевич, IQAA Аккредиттеу Кеңесінің төрағасы Ударцев Сергей Федорович, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасының адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің төрағасы Доскенов Талғат Қазкенұлы сияқты маңызды тұлғалар болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры Зейнолданова Айгүл Сағындыққызы мен IQAA Президенті Каланова Шолпан Муртазқызы да модератор ретінде форумның сәтті өтуіне өз септіктерін тигізді.

forum6 forum7

Параллель сессиялар барысында қатысушыларға Форумның негізгі бағыты шеңберінде спикерлердің сөйлеген сөздерінің тақырыптарының кең таңдауы ұсынылды, бұндай әдіс әр қатысушыға барынша өзекті ақпаратты алуға және қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді. Барлық сессиялар өте нәтижелі және интерактивті түрде өтіп, қызықты пікірталастар тудырды.
Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі III Еуразиялық Форумға қатысу – бұл білім беру және сапаны қамтамасыз ету саласындағы көшбасшылардан жоғары білім беру жүйесін дамытудың перспективалық бағыттары үшін жаңа идеялар алудың кепілі. Қашықтықтан білім беру жағдайында жаңа мүмкіндіктерді түсіну жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа қадам жасауға мүмкіндік береді.

Форум материалдары іс-шараға қатысушыларға ғана қолжетімді болады және форум соңында электрондық пошта арқылы жіберіледі.