Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі 2020 жылғы 16 қазанда «Пандемия жағдайындағы қашықтықтан білім беру: оқыту, үйрету және бағалау» тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы III Еуразиялық форумын өткізеді.
Форум бағдарламасына қазақстандық жетекші университеттердің өкілдері, ректорлары және проректорлары қашықтықтан білім беруді жүзеге асырудағы жоғары оқу орындарының тәжірибесін ұсынады. Сонымен қатар форумда Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Литва, Ресей, Украина және Эстония аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдері де баяндама жасайтын болады.
Форумға агенттіктің халықаралық сарапшылары, ұлттық сарапшылар, университет басшылары мен бөлім басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер шақырылады.
Халықаралық форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі (cинхронды аударма).
Форумға қатысу ақылы. Егер 2020 жылғы 12 қазанға дейін өтінім берсеңіз, қатысу құны 3000 теңгені құрайды. 12 қазаннан кейін төлем ақысы 5000 теңгені құрайтын болады.
Төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
• Картаға аудару арқылы: Карта нөмірі: 5169 4931 2554 4802 Карта иесінің аты-жөні: GALIYA RAKHIMZHANOVA Kaspi Gold үшін телефон нөмірі: +7 707 658 27 39, Галия Галимовна Р. Төлем түбіртегінің скриншоты мен қатысушының толық аты-жөнін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. • Кез келген банкте төлеу арқылы: Реквизиттері: ЖШС «НАОКО - Рейтинг» БСН 080640010280 ЖИК KZ4296503F0007389665 (KZT) «ForteBank» АҚ-ның Нұр-Сұлтандағы филиалы SWIFT код: IRTYKZKA Банк БСН-і: 990841000632 Төлем туралы түбіртек пен қатысушының аты-жөнін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. |
1. Келісімшартты жүктеп алыңыз. 2. Қатысушылардың саны мен жалпы сомасын көрсете отырып толтырыңыз. 3. Қол қойылған және мөрмен бекітілген келісімшарттың сканерленген нұсқасын Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберіңіз. |
Форум ZOOM платформасында қашықтықтан өтеді.
Форум қатысушыларына қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Форум нәтижесі бойынша барлық материалдар агенттіктің сайтында тіркелген қатысушыларға ғана қол жетімді болады.
Өтінім беру мен төлем жасаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 15 қазан сағат 14.00.
Форумның бағдарламасы мен материалдары кейінірек ұсынылады.
Барлық сұрақтар бойынша: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. және тел.: +7 (7172) 48-63-74 хабарласуыңызды сұраймыз.