30 қазан 2020

«Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)» ТМ «Сала көшбасшысы-2020» тәуелсіз бизнес марапатына ие болды.

iqaa ramka

 

«Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA)» ТМ «Сала көшбасшысы-2020» тәуелсіз бизнес мерапатына ие болды. Бұл марапатқа Қазақстанның экономикалық субъектілері рейтингінің нәтижелері негіз болды. Көшбасшы мәртебесі мекеме жұмысының тиімділігін, кәсіпкерлік пен экономиканың дамуына қосқан үлесін, еліміздің тұрғындарының әл-ауқатының жоғарылауының көрсеткіші.

2015 жылдан бастап IQAA «Үлгілі салық төлеуші» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар арасында Қазақстандағы Ұлттық бизнес рейтингінде «алтынға» ие болып келеді. Бұл Агенттіктің адалдығының, ашықтығының, есептілік пен сапаға деген ұстанымын көрсетеді. Біз үнемі салық төлейміз және серіктестермен қарым-қатынасты сенім мен адалдық негізінде құрамыз.

Кәсіпорындардың рейтингі қаржылық есеп беру мәліметтеріне негізделген, сондықтан оның нәтижелері объективті болып табылады және әр саланың нақты көшбасшыларын көрсетеді.

«Сала көшбасшысы-2020» марапаты біздің ұжым үшін бұл біздің жұмыстың жетістігі мен тиімділігінің расталуы, табыстың беделді танылуы.