10 ақпан 2021

Сыртқы бағалауды ұйымдастыру жөнінде оқыту семинары

05.02.21

2021 ж. 5 ақпанында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде (IQAA) сыртқы бағалауды ұйымдастыру жөнінде Агенттік қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарда IQAA Президенті Шолпан Муртазовна және ЖОО аккредиттеу бөлімінің басшысы Карлыгаш Мухареденовна сөз сөйледі. Іс-шараның мақсаты - аудитті өткізу туралы Агенттіктің жаңа үйлестірушілеріне және басқа бөлім қызметкерлеріне толық әрі терең ақпаратты ұсыну.

Оқыту семинары барысында сұрақтар белсенді қойылып, толық жауаптар берілді. Бұл сияқты ішкі іс-шаралар қызметкерлер біліктілігін дамыту мен кәсібилігін арттыруда ұлкен рөл атқарады.