02 сәуір 2020

DEQAR Connect жобасының ресми ашылуы

 

      2020 жылдың ақпан айында EQAR (Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету) DEQAR CONNECT жобасын іске қосты.
   DEQAR CONNECT жобасы кең ауқымды пайдаланушыларға еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың стандарттары мен қағидалары негізінде, сапаны қамтамасыз ету нәтижелеріне, сондай-ақ агенттіктердің сыртқы бағалау жөніндегі тиісті есептеіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
   DEQAR CONNECT еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ESG) реформаларды жүзеге асыруды қолдау үшін, Erasmus + үндеулері шеңберінде ЕC-ны бірлесіп қаржыландыру үшін таңдалды. Жоба сапаны қамтамасыз етуді және EHEA ішінде тануды қолдай отырып, EHEA-ның екі негізгі міндеттемесіне назар аударады және екі бағыттан тұрады:
• Кеңейту: қазіргі уақытта DEQAR-да аз ұсынылған EHEA елдерін, DEQAR-ға бірінші кезеңде қосыла алмаған мекемелердің қатысуын қолдау арқылы қамту.
• Жақсарту: DEQAR дерекқорына қолданыстағы синергияны қолдану арқылы қосылу. Деректерді тікелей пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу.

deqar

   DEQAR-дың іске қосылуына орай EQAR президенті Карл Диттрихтің айтуы бойынша, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қатысушы агенттіктер жоғары қызығушылық пен міндеттеме көрсетті. Деректер базасы жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде (ЕНЕА) ашықтықты арттыру және шешімдерді тану бағытындағы маңызды кезең болып табылады.
   IQAA 2018 жылдан бастап DEQAR мәліметтер базасына есептерді жүктеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жобаға қатысу агенттік үшін аса маңызды, өйткені IQAA өз қызметінің барлық үдерістерінде ашықтық пен транспаренттілік көрсетеді.