12 мамыр 2020

DEQAR CONNECT жобасы аясында сапаны қамтамасыз ету агенттіктеріне арналған kick-off Webinar

  

     2020 жылдың ақпан айында ERASMUS еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ЕНЕА) реформаларды жүзеге асыруды қолдау үшін үндеулері шеңберінде ЕС қаржыландыратын жоба бастау алды.
   Жоба бойынша кездесу (Kick-off meeting) 2020 жылдың наурыз айында Хорватияда жоспарланған болатын. Алайда, covid-19 пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жоспарланған кездесудің күнін кейінге қалдыруға және оны қашықтан өткізуге мәжбүр болды.
   Вебинар 2020 жылдың 11 мамырында өтті. Координатор ретінде EQAR болды. Вебинарға жобаның барлық 17 серіктесі қатысты: QAA, (ACQUIN (Германия), ACSUCYL (Испания), AEQES (Бельгия, Французское сообщество), AIC (Латвия), ANQA (Армения), AQ (Австрия), CTI (Франция), EAEVE (Европа, ветеринария), HAC (Венгрия), IQAA (Казахстан), IAAR (Казахстан), MusiQuE (Европа, музыка) NCEQE (Грузия), NCPA (Россия), NVAO (Нидерланды), SKVC (Литва)), и эксперты ASHE (Хорватия), NVAO (Фландрия), David Gassiot Andreu (AQU Каталония), Jozsef Gábor Bóné (DEQAR әзірлеуші).

2070 1164 max

   Вебинардың мақсаты агенттіктердің бір-бірімен танысуы, жобаның құрылымын, back-end және дерекқордың жұмыс процесін көрсету, сонымен қатар агенттіктерге деректерді ұсыну кезінде техникалық талаптардың тізімін ұсыну болды.
   Күн тәртібінде DEQAR мәліметтер базасын техникалық шолу және қолдау кезеңін жоспарлау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жобаларды ақпараттандыру және есеп беру үшін қажетті қолдау түрлері талқыланды.