Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру мәселелері бойынша 2021 жылғы 22 ақпанда КазГЮУ Университетінің базасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кеңес өткізді.
Аталмыш іс-шараға IQAA Президенті Қаланова Шолпан Мұртазовна шақырылды. Іс-шара барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Канатович, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Тойбаев Адлет Жунисович, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі төрайымы Кобенова Гүлзат Исбасаровна, ҚР ЖОО қауымдастығының төрағасы Алшанов Рахман Алшанұлы сөз сөйледі.
Іс-шара шеңберінде білім беру саласындағы ағымдағы үрдістер талқыланды және жоғары білім беру сапасын одан әрі дамыту үшін жоспарлар белгіленді.
23 ақпан 2021