21 қыркүйек 2015

БСҚА мен ҚР БҒМ бірлесіп ұйымдастырған «Болон үрдісі қатысушы-мемлекеттері білім министрлерінің Ереван коммюникесі аясында ЖОО мен агенттіктер үшін перспективалары мен мәселелері» атты халықаралық конференциясы өтті

2015 жылғы 11-қыркүйекте Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Болон үрдісі қатысушы-мемлекеттері білім министрлерінің Ереван коммюникесі аясында ЖОО мен агенттіктер үшін перспективалары мен мәселелері» атты халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері, ЖОО қызметкерлері және Қазақстанның, Финляндияның, Литваның халықаралық ұйымдарының өкілдері, барлығы 120-дан аса адам қатысты.график каз

Конференция БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Ш.Қаланованың алғысөзімен ашылды. Ол конференцияға қатысушыларға сәлем жолдап, аталған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Конференция барысында аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру шаралары, БСҚА-да жүзеге асырылатын білім беру сапасын арттырудың негізгі шаралары, аккредиттеу рәсімдерін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету сияқты, сондай-ақ ЖОО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдеріне байланысты басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

Конференцияда келесі баяндамашылар баяндама жасады:

1) Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету ассоциациясының (ENQA) вице-президенті Кекелайнен Хельканың баяндама тақырыбы: «Ереванда (2015 ж. 14-15 мамыр) Білім министрлерінің конференциясында бекітілген Еуропалық білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтары (ESG) жаңа редакциясының мақсаттары мен акценті»;


helka1

2) Вильнюс университеті халықаралық байланыстар және бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Раймонда Маркевичененің баяндама тақырыбы: «ECTS Болон процесінің іргетасы ретінде».


1raymonda

3) БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Қаланова Шолпан Мұртазақызының баяндама тақырыбы: «ESG-дің жаңа редакциясы аясында IQAA-дің сыртқы сапаны қамтамасыз ету стандарттары»;


skalanova

4) ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті Жоғары білім беру мазмұны мен әдіснамасы басқармасының жетекшісі Нарбекова Бану Мұқатаевнаның баяндама тақырыбы: «ECTS-ті жоғары оқу орындарында жүзеге асырудың жаңашылдығы»;


min obr1

Конференция барысында екі қатар сессия жұмыс жүргізді:

№1 СЕССИЯ

«Еуропалық білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарын (ESG) ендіру мәселелері мен жолдары»

№1 сессияның модераторлары:

БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Ш.М.Қаланова, Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету ассоциациясының (ENQA) вице-президенті Хелька Кекелайнен болды.

№2 СЕССИЯ

«Жоғары білім беру кеңістігінде ECTS Нұсқаулығын қолдануды талқылау»

№2 сессияның модераторлары:

ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті Жоғары білім беру мазмұны мен әдіснамасы басқармасының жетекшісі Б.М.Нарбекова, халықаралық сарапшы, Вильнюс университеті халықаралық байланыстар және бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Раймонда Маркевичене болды.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

sertif2  sertificat4 sertificat5  sertificat 3

 

osnova