ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» Стратегиясының маңызды басымдылықтарының бірі деп танылған. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентімен еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттерінің қатарына кіруі туралы тапсырмасы берілді. Білім беру жүйесін жетілдіру бұл мақсатқа жетуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі, мемлекеттік саясатты және қазақстандық білім берудің жаңғыртуын қолдайтын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы).